Теңіз кенішінде індет қайта өршіді: Бір топ дәрігер көмекке жіберілді

Теңіз кенішінде індет қайта өршіді: Бір топ дәрігер көмекке жіберілді

Теңіз кенішінде індет қайта өршіді: Бір топ дәрігер көмекке жіберілді
ашық дереккөзі
COVID-19-бен ауырған науқастардың көбеюіне байланысты Теңіз кенішіне қосымша мамандар жіберу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Атырау облысының коммуникациялар қызметі хабарлады.  Қараша айынан бері Теңіз кенішінде індетке шалдыққан 140 адам тіркелді, оның 71-і соңғы төрт күнде анықталған. "Теңіз кенішінде 315 төсек-орындық инфекциялық стационарда он бес маман жұмыс істеп жатыр. Қазір мұнда 111 пациент емделуде. Аурухананың жүктемесі 35,2%-ті құрайды", - делінген хабарламада. Денсаулық сақтау басқармасы Теңізге тағы сегіз маман жіберу туралы шешім қабылдады. Олар: екі дәрігер, екі медбике және төрт санитар. Қазіргі таңда коронавирустың таралуына байланысты Атырау облысы "сары" аймаққа ауысты.