Жоғалған телефонының орнын толтыру үшін жалған шағым жасаған қыз ұсталды

Жоғалған телефонының орнын толтыру үшін жалған шағым жасаған қыз ұсталды

Жоғалған телефонының орнын толтыру үшін жалған шағым жасаған қыз ұсталды
ашық дереккөзі
Елорда полицейлері ұялы телефонымды ұрлады деп жалған шағым түсірген 23 жастағы қызды ұстады. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметінің дерегінше, күдікті қыз жоғалған ұялы телефонының орнын толтыру мақсатында полицейлерге ұялы телефонының ұрланғаны туралы жалған мәлімет берген. Қыздың айтуынша, телефонды күйеуі екеуін бір жерге апарып тастаған белгісіз адам ұрлаған. Полиция қызметкерлері тексеру шаралары кезінде күдіктінің белгісіз адамды кінәламақ болып, полицейлерді шатастырып, жалған мәлімет бергенін анықтады. Осы факт бойынша ҚР ҚК 419-бабы ( Қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталған әйел кінәсін мойындады, оның астана аумағындағы осы секілді басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.