Жаңалықтар

Кәрім Мәсімов - Жезқазған қаласында

ашық дереккөзі

Кәрім Мәсімов - Жезқазған қаласында

Р Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов соңғы жұмыс сапары аясында өңірдің индустриялық даму перспективасын бағалау үшін Жезқазғанға барды, деп хабарлады www.pm.kz. Жезқазған қаласында Кәрім Мәсімов «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС мыс қорыту зауытын аралайды. Экономиканың негізгі драйвері - металлургия өнеркәсібін дамытуға Үкімет ерекше мән береді. «Bayan» ЖШС-да Премьер-Министр мамандандырылған азық-түлік өндірісімен танысады, азық-түлік кәсіпорны негізінен металлургтерді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Премьер-Министр Ұлытау тарихи-мәдени нысанын аралайды және өңірдің туристік бағыттағы даму перспективасын бағалау үшін кеңес өткізеді. Жезқазған кәсіпорындары 2016 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында жалпы құны 126 315 млн теңгені құрайтын немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 145,6% болатын өнеркәсіптік өнім өндірді. Сонымен қатар, өндірістік өнім көлемі 113 182,3 млн теңге немесе өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі 89,6% құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-Министр Қазақстанның өңірлерін жұмыс сапарымен аралап жүр. Осы жылдың 15 маусымы мен16 тамызы аралығында Кәрім Мәсімов Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарына және Алматы қаласына барды.