«Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының иегерлері анықталды

Биыл 10-мәрте өткізілген «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаттары белгілі болды. 

Биыл мына азаматтар ұлттық сыйлықтың 9 аталымы бойынша «Халықтың сүйіктісі» атанып отыр:

«Жылдық үздік оқытушысы» – Нұр-Сұлтан қаласындағы №17мектеп-гимназияның география пәнінің мұғалімі Төлеген Әбдірайысов пен Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті Нина Григорьева;

«Жылдың үздік дәрігері» – Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлімше меңгерушісі Болат Асанбаев;

«Жылдың үздік спортшысы» – UFC-дағы қазақстандық жекпе-жек шебері Шафкат Рахмонов;

«Жылдың үздік қоғам қайраткері» – қайырымдылар клубының негізін қалаушы Гүлмира Әбдірашева;

«Жылдың үздік тележүргізушісі» – «Хабар» телеарнасының тележүргізушісі Дмитрий Олейников;

«Жылдың мәдениет қайраткері» – танымал әнші Димаш Құдайберген;

«Жылдың үздік парламентарийі» – ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин;

«Жылдың үздік публицисі» – журналист Михаил Козачков;

«Жылдың блогосфера көшбасшылары» – Насима Қорғанбекова мен Қазбек Майгелдинов.

Сонымен қатар «Жылдың үздік ақпараттық интернет басылымы» аталымында Azattyq Rýhy сайты жеңімпаз болды.

Мұнан бөлек сыйлықты ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы еліміздің денспулық сақтау жүйесінің өкілдерімен келісе отырып, коронавирус індеті кезеңінде зор рөл атқарған медицина қызметкерлері мен еріктілерді сыйлықтың құрметті аталымдарымен марапаттау туралы шешім қабылдап отыр:

«Жылдың үздік медбикесі» – Маңғыстау облыстық ауруханасының аға медбикесі Айнұр Батырбаева;

«Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің үздік қызметкері» – Ақмола облысы Бурабай аудандық басқармасының департамент басшысы Сералы Жолдасбаев;

«Үздік медициналық стационар» – Қарағанды облысындағы «Профессор Х-Мақажанов атындағы көпбейінді аурухана»;

«Үздік волонтер» – «Қоғамдық бақылау» жобасының үйлестірушісі Саида Тәукелова.

«Жыл бизнесі» – Нұр-Сұлтан қаласындағы санитарлық қызмет көрсететін «ORKIN» ЖШС, директоры Талғат Дүйсеков;

«Жыл меценаты» – Қызылорда облысындағы «Жан Арай Жем» ЖШС-нің директоры, кәсіпкер Бақдәулет Мақашев.

 

Back to top button