«Алтын тобылғы-2020» әдеби сыйлығының иегерлері марапатталды (видео)

Нұрсұлтан Назарбаев қоры «Алтын тобылғы» әдеби байқауын қорытындылады. Жүлде конкурс негізінде төмендегі номинациялар бойынша тағайындалды:

«Жылдың үздік прозасы»
Бақытбек Қадыр (Túrkistan газетінің тілшісі) Нұр-Сұлтан қаласы;

«Жылдың үздік поэзиясы»
Жәнібек Әлиман (Қарағанды);

«Жылдың үздік драматургиясы»
Қолғанат Мұрат (Алматы);

«Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»
Хамит Есаман (Тараз қаласы);

«Абайдың 175 жылдығына арналған үздік әдеби туынды»
Ұмтыл Зарыққан (Нұр-Сұлтан қаласы), Бағашар Тұрсынбайұлы (Алматы).

Әр номинацияның жеңімпазына «Алтын Тобылғы» әдеби сыйлығының лауреаты атағы және 2 миллион теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық берілді. Ал арнайы номинацияның жеңімпаздарына 1,5 миллион теңге көлемінде сертификат табыс етілді.

Back to top button