Головкин vs Шеремета: команда мүшелері коронавирус инфекциясын жұқтырды

Головкин vs Шеремета: команда мүшелері коронавирус инфекциясын жұқтырды

Головкин vs Шеремета: команда мүшелері коронавирус инфекциясын жұқтырды
ашық дереккөзі
Геннадий Головкиннің қарсыласы поляк Камил Шереметаны жаттықтырып жүрген команда мүшелері вирус жұқтырды. Атап айтқанда, Шереметаның жеке бапкері Федор Ляпиннен және онымен бірге спарринг кездесулер өткізетін Кшиштоф Гловацкий мен Федор Черкашиннен коронавирус белгілері анықталды. Шереметаның промоутері Анджей Василевский боксшының бұған дейін вирус жұқтырып алғанын, сауығу үшін тиісті ем-дом қабылдағанын айтып, 18 желтоқсанға белгіленген кездесуге сақадай-сай екенін мәлімдеді. Алайда аталған бокс кешінде Шереметаға каратинге жатқызылған жеке бапкері қолдау білдіре алмауы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 18 желтоқсан күні АҚШ-тың Флорида штатына қарасты Холливуд қаласындағы Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында орта салмақтағы әлем чемпионы атағын 21-рет қорғау үшін Шереметаға қарсы кездесу өткізеді.