Жаңалықтар

Коронавирустың адам ағзасындағы белсенділігін төмендететін өнімдер аталды

ашық дереккөзі

Коронавирустың адам ағзасындағы белсенділігін төмендететін өнімдер аталды

Cолтүстік Каролина университетінің ғалымдары коронавирус ферменттерінің белсенділігін төмендететін өнімдерді атады. Олар жасаған зерттеу қорытындысы Frontiers in Plant Science басылымында жарияланды, деп хабарлайды korrespondent.net. Зерттеушілер жүзім мен көк шайдағы химиялық қосылыстар коронавирустың адам организміне таралуына тосқауыл қоятынын анықтады. Өйткені бұл өнімдердің құрамындағы заттар COVID-19 ферменттерін бұғаттауға қабілетті. Сондай-ақ, қара шоколад пен какао да коронавирус ферменттерінің белсенділігін төмендете алатыны белгілі болды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын ұлыбританиялық дәрігер Гита Мейкер-Кларк пандемия кезінде ағзаның қорғаныс қабілетін арттыру үшін қандай тағамдар тұтыну керегін айтты. Оның сөзінше, иммунитетті көтеру үшін мүмкіндігінше жаңа піскен көкөніс пен жемістерді күнделікті тұтынып, қант жеуді азайту қажет. Иммундық жүйеге бірнеше дәрумен керек. Атап айтқанда, A, C, D, E, B6 мен B12 және фолат, мырыш, темір, мыс пен селен дәрумендері жеткілікті болуы қажет.