Астаналықтар Олимпиада жүлдегерлерін күтіп алды

Астаналықтар Олимпиада жүлдегерлерін күтіп алды

Астаналықтар Олимпиада жүлдегерлерін күтіп алды
ашық дереккөзі
Астанада Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін қарсы алды. Тамыздың 24-не қараған түні Астана халықаралық әуежайында Рио-Амстердам-Астана рейсімен қазақстандық боксшылар мен жарысқа еркін күрестен қатысқан спортшы қыздар ұшып келді.Спортшыларды күтіп алуға қала әкімі Әсет Исекешев те келді. Ол Олимпиада жүлдегерлерін құттықтаған алғашқы адамдардың бірі болды. Кейіннен спортшылар жақындарымен, достарымен және бір топ жанкүйерлерімен көрісті. Чемпиондарды өз көзімен көруге жергілікті тұрғындармен қоса қала қонақтары да келген. "Бүкіл ел, бүкіл халық болып сіздерге жанкүйер болдық. Олимпиада ойындарында мақтанарлықтай өнер көрсетіп, 22-орынды алдыңыздар. Мен сіздерді, сіздердің бапкерлеріңізді және ата-аналарыңызды осы жеңіспен құттықтаймын. Ең бастысы, сіздер болашақ мыңдаған Олимпиада чемпиондарының спортқа деген сүйіспеншілігін арттырдыңыздар", - деді қала әкімі. Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, Олимпиада жүлдегерлерінің әрқайсысына Астанадан пәтер беріледі. "Спорттағы үлкен жетістіктері үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен сіздерге арнайы жүлде беріледі. Әр жүлдегерге Астана қаласынан пәтер беріледі", - деді Әсет Исекешев спортшыларға. Астана әкімі Әсет Исекешев Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке, күміс медаль иегерлері - Гүзел Манюрова мен Василий Левитке пәтер мен көлік кілттерін табыс етті. "Қазақстанның артқан сенімін ақтадыңыздар, ел намысын қорғадыңыздар, Сіздер нағыз батырсыздар! Шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер! Бүгін көріп отырсыздар, қаншама xалық Сіздерді күтіп алуда. Барша ел, барша жұрт осы уақыттары өздеріңізге жанкүйерлік етті. Сіздер xалқымыздың үмітін ақтап, төртжылдықтың басты додасында абыройлы 22-орынға қол жеткіздіңіздер. Мен баршаларыңызды, Сіздердің бапкерлеріңізді, ата-аналарыңызды осынау керемет жеңістеріңізбен құттықтаймын!", - деді ол бүгін Астана әуежайында спортшыларды салтанатты қарсы алу шарасында. - Ең бастысы - Сіздер болашақ Олимпиада чемпиондары, мыңдаған баланың жүрегінде спортқа деген ынтаны жани білдіңіздер! Осының барлығы Мемлекет басшысының дені сау, спорттық ұлтты қалыптастыру бағытындағы саясаты үшін маңызды".