Адольф Гитлер сайлауда жеңіске жетті

Адольф Гитлер сайлауда жеңіске жетті

Адольф Гитлер сайлауда жеңіске жетті
ашық дереккөзі
Саясаткер Адольф Гитлер Уунона (Adolf Hitler Uunona) Оңтүстік Африканың Намибия елінде өткен аймақтық сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлайды BBC агенттігі. Аталған сайлауда 85 пайыз дауыс жинаған саясаткер неміс идеологиясына еш қатысы жоқ екенін айтады. Оның есімін Германия көшбасшысы болған Адольф Гитлердің құрметіне әкесі қойған, десе де оның айтуынша, әкесі Гитлердің қандай тұлға болғанын жете түсінбесе керек. «Бала кезімде бұл қалыпты есім секілді көрінді, алайда есейе келе Гитлердің әлемді жаулап алғысы келгенін естіп-білдім», – дейді саясаткер. Үй ішінде және көпшілік ортасында оны Адольф деп атайтынын айтқан ол есімін еш өзгертпейтінін мәлімдеді.  width= Намибия – 1884-1915 жылдар аралығында Германияның отарлығында болған мемлекет және сол уақыт аралығында Германиялық Оңтүстік-Батыс Африка елі деп аталған, сол себепті Адольф – африкалықтар арасында жиі кездесетін есім.