«Оскарға» ұсынылған қазақстандық фильм анықталды (видео)

«Оскарға» ұсынылған қазақстандық фильм анықталды (видео)

«Оскарға» ұсынылған қазақстандық фильм анықталды (видео)
ашық дереккөзі
Қазақстандық «Ұлы дала зары» фильмі жылдың басты киножүлдесіне – голливудтық «Оскарға» ұсынылды, – деп жазды Tengrinews.kz. Картина «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша конкурстың лонг-листіне (үміткерлердің ұзақ тізіміне) түсті.  width= Фильмді еліміздің Кинематографистер одағы жанындағы Қазақстанның Оскар комитеті таңдады. Қазылар алқасының құрамына кино өнерінің белгілі қайраткерлері кіреді: Асанәлі Әшімов, Олег Борецкий, Фархат Әбдірайымов, Фархад Шәріпов, Арман Асенов, Сатыбалды Нарымбетов және Қанат Төребай.  width=
Фильм продюсері Ернар Мәліковтың айтуынша, биыл Қазақстаннан бірден бірнеше картина америкалық «Оскар» киножүлдесінде елді таныстыруға үміткер болған. «Ұлы дала зарына» қазылар алқасының жеті мүшесінен төртеуі дауыс берген, екеуі қарсы болған, біреуі қалыс қалған. «Ұлы дала зары» көркем фильмі Қазақстанның байырғы тұрғындары бастан кешкен нақты тарихи оқиғаларға негізделген. Картинада 1920-30 жылдардағы ашаршылық туралы баяндалады, ол кезде 8,5 миллионға жуық адам, яғни халқының 70 пайызы аштықтан қырылып қалған еді. 1,5 миллионнан аса адам Отанын тастап, басқа елдерге қашуға мәжбүр болған.  width=
Бұдан бұрын «Ұлы дала зары» фильмі «Алтын глобус» сыйлығының лонг-листіне енгені белгілі болған. Картина «Шет тіліндегі ең жақсы фильм» санатындағы сыйлық үшін күреседі. https://youtu.be/nbgalAtMcIs