Қостанай облысында өрт екі баланың өмірін қиды

Қостанай облысында өрт екі баланың өмірін қиды

Қостанай облысында өрт екі баланың өмірін қиды
ашық дереккөзі
Қостанай облысында өрт шығып, екі бала қаза тапты деп хабарлайды ТЖД. Қайғылы оқиға 3 желтоқсанда Денисов ауданы Фрунзенское ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Өрт кезінде үйде екі жас бала - төрт жасар Екатерина және екі жасар Кирилл қалған. Ал ата-анасы көрші ауылдан азық-түлік әкелуге кеткен. Оқиға орнына ең бірінші үй иелері келген. Ерлі-зайыптылр балаларын жергілікті фельдшерлік-акушерлік пунктке жеткізіпті. Алайда, балалар есін жимастан қайтыс болған. Мамандар өрт балалардың отпен ойнауынан шығуы мүмкін деп болжап отыр. Оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.