Көкшетаудағы 13 жасар қыздың өліміне қатысты іс жабылды

Көкшетаудағы 13 жасар қыздың өліміне қатысты іс жабылды

Көкшетаудағы 13 жасар қыздың өліміне қатысты іс жабылды
ашық дереккөзі
Көкшетауда із-түзсіз жоғалып, кейін орман алқабынан өлі денесі табылған 13 жасар Ә.Хайдарованың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлады облыстық Полиция деппртаменті. 20 тамызда Көкшетаудың іргіесіндегі Краснояр селосындағы Нұрлы көш кентінде 2007 жылғы Ә.Хайдарова үйінен шығып қайтып оралмаған болатын. Артынша 28 тамызда жасөсіпірімнің өлі денесі табылып, одан зорлықпен өлтіру белгісі анықталды. Осыған байланысты полция Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі «адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғады, кейін Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі «зорлау» бойынша қосымша іс қозғалды. Істі тергеу барысында 10 астам соттық сараптама жүргізіліп, 100 адам түсініктеме алынды. Зардап шеккен мен күдіктің жүрген жолдары бойынша орналасқан сыртқы бейнебақылау камераларындағы жазбалар, сондай-ақ, ұялы телефондары зерттелді. Жедел-тергеу шаралары барысында күдікті анықталып, оның осы қылмысқа қатысы барын және кінәсін дәлелдейтін анықтайтын айғақтар табылды. «Қылмыстық іс материалдарымен зардап шегуші жақ өкілдері және күдіктінің анасы қорғаушысымен бірге танысты. Олар құқық қорғау органдары тергеу шаралары кезінде тапқан айқақтарға қарысы болған жоқ және күдіктінің өліміне байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы қабылданған процессуалдық шешімге келісті», – деді ведомство өкілі.