Сәбит ДОСАНОВ: Назарбаев – ғасырда бір туатын тұлға

Сәбит ДОСАНОВ: Назарбаев – ғасырда бір туатын тұлға

Сәбит ДОСАНОВ: Назарбаев – ғасырда бір туатын тұлға
ашық дереккөзі
–Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ол кісі сонау Қарағандыда жұмыс істеп жүрген кезінде танысқанмын, содан бері жақсы білемін, жақын араласамын. Ол кісі мені бірнеше рет шетелдегі іссапарларына да алып барды, талай рет үйінде де қонақ болдым. Енді Назарбаев туралы айтқан кезде менің ойыма француз философы Вольтердің «Мемлекетті құтқару үшін бір ғана адам жеткілікті» дегені және Асан қайғының «Қайғысыз ұйықтатқан ханым-ай» деген сөзі түседі. Осы екі сөз ол кісінің бағасын беріп тұр. Олай дейтініміз, біріншіден, қирап қалған Қазақстанды қайтадан тұрғызып, әлемге танытты. Екіншіден елде бейбітшіліктің салтанат құруына, тыныштықтың болуына ықпал етті. Ұлттардың татулығын басты орынға қойды, ішкі-сыртқы саясатты берік ұстанды. Тағы бір айта кететін нәрсе, Назарбаев белгілі бір биіктікті межелеп алады, оған жету мүмкін еместей көрінеді. Бірақ соны орындап шығады. Бір ғана мысал – қиын кезеңде астана саламыз деді, салды, көркейтті. Қазір сол астанаға халық жиналып, сол жерде қызмет істеп, отбасы болып, бақыттарын тапты. Билікті бейбіт жолен, қантөгіссіз, өз еркімен ауыстырды. Қасым-Жомарт Тоқаевты ізбасары етіп тағайындады. Мұның өзі үлкен көрегенділік. Үлкен үлгі. Әлемнің алпауыт президенттерін жинап, қазақ тарихында болмаған жиын өткізді. Мен өзім шетелдерде, Европада көп болған адаммын. Сонда байқағаным – біз Тұңғыш Президентімізді құрметтейміз, бірақ шетелдіктер бізден де қатты құрметтейді екен. Назарбаевтай президенттеріңіз бар сіздер бақытты елсіздер дейді. Шынында да, Назарбаевтың арқасында Қазақстан Тәуелсіздіктің туын нық ұстап, әлемнің озық елдерінің арасынан ойып тұрып орын алып отыр. Міне, Назарбаев осындай, бір ғасырда бір-ақ рет туатын тұлға.