Жаңа қаулы: карантин шаралары күшейді

«Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 қарашадағы №224 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қаулыда азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар, дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарын сатып алу; шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге баруды қоспағанда,барлық тұрғындарға, әсіресе 65 жастан асқан адамдарға аса қажетті себептерсіз үйлерінен сағат 21.00-ден 06.00-ге дейін шықпауға ұсынылады.

Сонымен бірге, санитарлық бекеттерден (жол парақтарын, жұмыс нарядтарын, жоспар–тапсырмаларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, редакциялық тапсырмаларды, сондай-ақ жеке куәліктерін көрсеткен кезде) мына тұлғаларға кедергісіз кіруге/шығуға рұқсат етіледі:

• медициналық көрсеткіштер бойынша кіретін және шығатын адамдар;

• транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылары;

• вахта қызметкерлерін тасымалдайтын көлік құралдары;

• COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларына тартылған көлік пен адамдар, ұйымдар;

• тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындар (оның ішінде жабдықтарды баптау бойынша сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін кәсіпорындар), көлік пен адамдар, ұйымдар;

• «SSTOPCORONA.KZ сайтында тіркелген, қосымша,ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар, оны алған сәттен бастап 30 тәуліктен аспаған анықтама болған жағдайда Ақмола облысында тұрмайтын адамдар, тамақ өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, көлік пен адамдар;

• осы елдімекенде тіркелген жағдайда, тұрақты тұратын жеріне қайтып келетін Көкшетау және Степногор қалаларының тұрғындары;

• жұмыс орнын және растайтын құжаттарды қоса отырып, сондай-ақ аса қажет болған жағдайларда кіру және шығу себептерін міндетті түрде көрсете отырып, «SSTOPCORONA.KZ сайтында тіркелген жағдайда Зеренді ауданының жақын елді мекендерінің тұрғындарына Көкшетау қаласына/қаласынан кіруге/шығуға рұқсат етілсін.

Көкшетау қаласында тұрақты жұмыс істейтін адамдарды қоспағанда, сайтта қайта тіркелу мүмкіндігімен 7 күннен асырмай мерзімге рұқсат беріледі.

• COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеудің теріс нәтижесі бар, оны алған сәттен бастап 5 тәуліктен аспаған анықтама немесе хаттама болған жағдайда облыстық медициналық шақыру комиссиясына баратын/оралатын жергілікті әскери басқару органдарының көлігі мен қызметкерлерін (іссапар куәлігі немесе іссапарға жіберу туралы бұйрық болған кезде), олармен бірге жүретін әскерге шақырылушыларды;

• аумақтық сайлау комиссияларының өкілдеріне қызметтік куәлігін көрсеткен кезде(жүргізуші ретінде бірге жүретін адамға рұқсат етіледі);

• жұмыс орнын көрсете отырып, «SSTOPCORONA.KZ сайтында тіркелген жағдайда туризм объектілерінің, жол бойы сервисінің, сондай-ақ ауыл шаруашылығы іс-шараларына, құрылыс жұмыстарына тартылған көлік пен қызметкерлер; Бұдан бөлек, келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған жағдайда, алаңы 500 шаршы метрден кем (жеке тұрған) азық-түлік емес дүкендердің қызметі жұмыс, демалыс күндері сағат 09:00-ден 20.30-ға дейін шектеледі. Келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда, алаңы 500 шаршы метрден кем сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда желілерінің қызметі жұмыс, демалыс күндері сағат 10:00-ден 20.30-ге дейін шектеледі.

Back to top button