Еңбек мигранттарының төбелесінен адам өлді
Еңбек мигранттарының төбелесінен адам өлді
Мәскеудің солтүстік ауданында Өзбекстан және Тәжікстан еңбек мигранттары төбелесіп қалып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлады Интерфакс.
Агенттік мәліметі бойынша, жанжал 20 тамызда жарым түнде болған. "Жилищник" кәсіпорынының жатақханасына жиналық ішімдік ішкен еңбек мигранттары жанжалдасып қалған. Төбелеске шамамен 35 адам қатысты.
Хабарларға қарағанда, жараланған екі жұмысшы ауруханаға жеткізілді, жексенбі күні таңертең олардың біреуі жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болды.
РИА "Новости" мәліметі бойынша, төбелестен соң кәсіпорынның екі аула сыпырушысы ұсталған.