Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды
ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының  корреспондент  мүшесі, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Сұраған Дурвудханға берілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 3 желтоқсан

                          № 460

Математик ғалым Дөрбетхан Сұраған Моңғолиядан көшіп келген қандасымыз. Ол - халықаралық The Ferran Sunyeri Balaguer Prize марапатына ие бол­ған. Аталған сыйлықты Азия ел­­дерінен тұңғыш рет алып отыр­ған ең жас ғалым. PhD, қауым­дас­ты­рылған профессор. БҒМ ҒК «Математика және мате­ма­ти­калық модельдеу институты» РМК бас директорының орынбасары, жетек­ші ғылыми қызметкері болып қызмет істейді.
2013 жылы жаратылыстану ғы­лымдары саласындағы ең үздік жұ­мысы үшін жас ғалымдарға ар­налған (Қазақстанда) Қонаев атын­дағы сыйлықпен марапатталды.
Жас ғалым Дөрбетхан Сұраған­ жайлы қазақтың әлем­ге әйгілі математигі, физика-математика ғылымының докторы, профессор, Ұлттық ғы­лым академиясының академигі Мұхтарбай Өтелбаев Turkіstan газетіне берген сұхбатында «Қазақстандағы ең үздік математик ғалым», деп бағалаған еді.
Осыдан біраз жыл бұрын Дүниежүзі мате­ма­тик­тердің конгресінде әлем бойынша көрнекті математик­тердің тізіміне қазақтың 20-дай математигі енген екен. Әлемдік деңгейде орны бар қазақ мате­ма­тиктерінің бірі - Дөрбетхан Сұраған.