Елімізде ғалымдардың қанша жалақы алатыны белгілі болды
Елімізде ғалымдардың қанша жалақы алатыны белгілі болды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ADAL BILIM жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пен университет оқытушыларының неліктен ғылыммен айналысқысы келмейтінін айтты.
Сергей Пеннің айтуынша, басты себеп – ғалымдардың жалақысының төмендігі. Бакалавриат, магистратура, докторантура түлектері ғылыммен айналысқысы келсе де оған экономикалық жағдайлар кедергі келтіреді.
«Қазір дарынды жастарды академиялық жолға шақыру қиын. Елімізде ғылымға 82 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Соған қарамастан Ғылым комитетіне қарасты ғылыми ұйымдардың орташа жалақысы 136 мың теңгені құрайды. Мұндай жалақы кімге керек? Доллармен есептесек, бұл жалақы тіпті 10 жыл бұрын да аз болған. Еліміздегі тікелей қаржыландыру жүйесін ғалымдардың еңбекақысын жоғары жалақы төленетін мемлекеттік қызметшілердің санатымен теңестіретін немістердің моделіне көшуді ұсынамын», – деді Сергей Пен ADAL BILIM алаңындағы тікелей эфирде.