Азық-түлік бағасының өсуі соңғы алты жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

Азық-түлік бағасының өсуі соңғы алты жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

Азық-түлік бағасының өсуі соңғы алты жылдағы ең жоғары деңгейге жетті
ашық дереккөзі
Әлемде азық-түлік бағасы қараша айында күрт өсіп, соңғы алты жылдағы ең жоғары деңгейге жетті. Бұл туралы БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының баспасөз қызметі хабарлайды. Ұйымның азық-түлік бағаларының индексі бір айда орташа есеппен 105,0 тармақты құрады, бұл қазан айымен салыстырғанда 3,9%-ға көп және бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,5% жоғары. Азық түлік бағасы 2012 жылғы шілде айынан бастап ай сайын түрде өсіп келеді. Айталық, Аргентинадағы бидайдың экспорттық бағасының әлсіреуінен, АҚШ пен Украинада өндірістің төмендеуінен және Қытайдан үлкен сатып алуларға байланысты жүгері бағасы өскен. Халықаралық деңгейде күріштің бағасы ғана ай бойы тұрақты болып отырды. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы таратқан дерекке сүйенсек, қант бағасы ай сайын 3,3%-ға өсіп, сүт бағасының индексі 0,9%-ға жоғарылаған. Ал ет бағасы жоғарылағанымен, бір жыл бұрынғы бағадан 13,7%-ға төмен. Сиыр, қой және шошқа еті қымбаттағанымен, құс еті арзандаған.