Подъездегі картиналарды ұрлаған елордалық ұсталды

Подъездегі картиналарды ұрлаған елордалық ұсталды

Подъездегі картиналарды ұрлаған елордалық ұсталды
ашық дереккөзі
Полицияға «Манхэттон» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан арыз түсті, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті. Олардың айтуынша, белгісіз біреу бірінші қабатта қабырғада ілініп тұрған екі суретті ұрлап кеткен. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті «Есіл» аудандық поиция басқармасы қылмыстық істі тексеру бөлімінің қызметкерлері жүргізген іс-шара барысында 24 жастағы Астана тұрғыны ұсталды. Жас жігіт кінәсін мойындап түсінік берді және картиналарды қайтарған. Оның айтуынша, ол сол сәтте мас болған және әдемі дүниеге қызығып кеткен. Сондай-ақ азамат істеген ісіне өкінетінін мәлім етті. Осы факт бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.