Қостанай облысында дәрігер жетім балалардың азық-түлігін алып отырған
Қостанай облысында дәрігер жетім балалардың азық-түлігін алып отырған
Қостанай облысында балалар үйінің бас дәрігеріне үкім шығарылды, деп хабарлайды Арқалық қалалық соты.
"2016-2019 жылдар аралығында балалар үйіне 30 жетім бала үшін азық-түлік жеткізіліп отырған, дегенмен балалр үйінде жыл сайын орта есеппен 15-20 тәрбиеленуші ғана болған. 2016 жылғы қаңтардан 2019 жылғы қарашаға дейін дәрігер жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асатын азық-түлік өнімдерін, сондай-ақ жалпы сомасы 1 миллион теңгеге жуық АИ – 92 маркалы бензин, жанар-жағармай ұрлап кеткен", - делінген хабарламада.
Сотталған адам кінәсін мойындамады.
Сот дәрігерді бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.