Бет-әлпетін сатқысы келетіндер көбейген

Бет-әлпетін сатқысы келетіндер көбейген

Бет-әлпетін сатқысы келетіндер көбейген
ашық дереккөзі
Жапонияда адамның бет жүзінен ажыратқысыз маска әзірлейтін компанияға бет-әлпетін 98 000 иенаға (шамамен 400 мың теңге) сатқысы келетіндер көбейіп жатыр деп жазады Viral Press. https://www.youtube.com/watch?v=550beCXDIdw&feature=emb_logo Жапонияның Токио қаласында ерекше маскалар сатылымға шығып жатыр. Kamenya Omoto атты компания шынайы адамның келбетімен бірдей маскаларды халыққа ұсыныпты. Бірақ, масканы сатып алушылардан гөрі бет-жүзінің көшірмесін маска шаблоны ретінде сатқысы келетіндердің қарасы көп екен. Ал компанияның тек бір шарты ғана бар: сіздің бет-жүзіңіз ерекше әрі есте қаларлық болуы тиіс. Одан бөлек, бет-әлпетін көшірмелеуге сатқан адам әр маска сатылымынан түскен пайданың бір бөлігін алып отырады. Компания қызметкерлері өз келбетін сатқысы келетіндердің көп болып шыққанына таң қалғанын жасырмайды. Бүгінде компания дизайнерлері ең қызықты және есте қаларлық адамдарды таңдап, іріктеуге көшкен.