Мұғалімдер орташа есеппен қанша табыс табады?

Мұғалімдер орташа есеппен қанша табыс табады?

Мұғалімдер орташа есеппен қанша табыс табады?
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрлігі Қазақстан мұғалімдері орташа есеппен қанша табыс табатыны туралы айтты. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, білім беру саласындағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2020 жылдың II тоқсанында 184,4 мың теңгені құраған. 2019 жылы бұл сома 126,1 мың теңге болған. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы төмендегі критерийлерге байланысты тағайындалады: білім деңгейі, біліктіліктің болуы, жұмыс өтілі, еңбек жағдайлары, жұмыс көлемі, өтемақы және ынталандыру сипатындағы үстемеақылар мен қосымша ақының болуы (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін, сынып жетекшілігі үшін, дәптерлер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін және т.б. қосымша ақы).