Елімізде туды балконға ілуге рұқсат етілді

Елімізде туды балконға ілуге рұқсат етілді

Елімізде туды балконға ілуге рұқсат етілді
ашық дереккөзі
Премьер-министр Асқар Мамин 27 қарашада "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы" 2007 жылғы 2 қазандағы қаулысына мемлекеттік туды ғимараттарға, балкондарға ілуге рұқсат беретін түзетулерге қол қойды. Қаулыға сәйкес: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жеке және тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайларда, оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында ілуге болады. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер туралы ережелерді қайта қарауды ұсынған болатын.