Жаңалықтар

Бірінші сыныптың үй тапсырмасы желі қолданушыларын тығырыққа тіреді

ашық дереккөзі

Бірінші сыныптың үй тапсырмасы желі қолданушыларын тығырыққа тіреді

Бірінші сыныпта оқитын баласына берілген үй тапсырмасы анасын тығырыққа тіреді. Ол оқулықтағы тапсырманы суретке түсіріп, желіге жүктеген. Алайда желі қолданушыларының ешбірі төменгі сыныптың тапсырмасын орындай алмаған, деп жазады The Mirror. Тапсырмада аквариумда 4-тен 18-ге дейін теңіз жұлдызы болуы мүмкін екені айтылған. Оқулық авторы оқушылардан аквариумда орта есеппен неше жұлдыз бар екенін сұрапты. Екі болжалды сан жазуға рұқсат етілген. Тапсырмаға бас қатырған желідегілер дұрыс жауап таба алмапты. «Бас ауруы үшін рахмет, ақылымнан адаса жаздадым», «Математиканы неге сонша күрделендіріп жіберген» деп жазған мектеп тапсырмасын орындай алмаған желі қолданушылары.