Жаңалықтар

Жексенбіде елордада қоғамдық көлік жүрмейді

ашық дереккөзі

Жексенбіде елордада қоғамдық көлік жүрмейді

Жексенбі, 6 желтоқсанда елордада қоғамдық көліктер жүрмейді. City Transportation Systems (CTS) компаниясының ақпаратына орай, 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. «Дүйсенбі, 7 желтоқсаннан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды. Барлық өзгерістер туралы ресми парақшамыздан біле аласыз. Баршаңызды санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді», - деп атап өтеді компаниядан