"Қазақ найзағайы" IBF рейтингінің Топ-10 тізіміне кірді

"Қазақ найзағайы" IBF рейтингінің Топ-10 тізіміне кірді

"Қазақ найзағайы" IBF рейтингінің Топ-10 тізіміне кірді
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) титулды жекпе-жектегі жеңістен кейін IBF рейтингінің ТОП-10 тізіміне кірді, деп хабарлайды Vesti.kz. Данияр жартылай орта дивизион (66,68 келіге дейін) рейтингінде тоғызыншы орынға жайғасты. Бүл дивизион чемпионы америкалық Эролл Спенс, ал рейтинг көшбасшысы өзбекстандық Кудратилло Абдукахоров. Айта кетейік, Елеусінов кейінгі жекпе-жегін 28 қараша Голливудтағы бокс кешінің андеркартында өткізді. "Қазақ найзағайы" бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонгоны (23-4, 12 КО) екінші раундта нокаутпен жеңіп, IBF Intercontinental титулын иеленді.