Жаппай сатылым: Италиядағы ауылдардың бірінде үйлер 1 еуродан сатылуда

Жаппай сатылым: Италиядағы ауылдардың бірінде үйлер 1 еуродан сатылуда

Жаппай сатылым: Италиядағы ауылдардың бірінде үйлер 1 еуродан сатылуда
ашық дереккөзі
Италияның Молизе облысындағы Кастропиньяно ауылында үйлердің жаппай сатылымы басталды. Бір үйдің бағасы – бір еуро.  Иесіз қалған 150 ғимараттың бірін сатып алғысы келетін адам ауыл мэрімен сұхбаттасуы тиіс, деп хабарлайды CNN travel. Басылымның хабарлауынша, Никола Скапиллати болашақ меншік иелерін таңдауға жіті көңіл бөліп, олардың үйді сатып алудағы мақсатын, жоспарларын білуге ниетті. «Жаппай сатылым жарияланды екен деп Кастропиньянода алыпсатарлар көбейгенін қаламаймын», - дейді мэр. Ауылда небары 900 адам (олардың 60 пайызы – 70-тен асқан азаматтар) тұратынына қарамастан, әкімшілікке үй сатып алу жөніндегі өтініштер көптеп түсіп жатыр. Инфрақұрылымға келсек, ауылда тек мейрамхана, дәріхана, бірнеше қонақүй ғана бар. Мэр пікірінше, мегаполистің шуы болмағанымен,  ауылдың өз кереметі бар. Кастропиньянодағы 1 еуролық үйлерді сатып алушылар үш жыл ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 2 мың еуро көлемінде кепілді салым жасауы қажет. Бұл қаржы барлық жұмыстар аяқталған соң қайтарылады. Егер үй иесі белгіленген мерзім ішінде жөндеу жұмыстарын аяқтап үлгермесе, кепілді сома ауыл бюджетінде қалады. Скапиллатидің есебінше, мұндағы үйлерді жөндеуге шамамен 30-40 мың еуро қаржы кетеді. Есесіне, сатып алушылар тарихи мекенде, сұлу табиғатта өмір сүру мүмкіндігіне ие болмақ.