Дәрігер тұмаудан тез құтылудың үш жолын атады

3 желтоқсан, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Дәрігер тұмаудан тез құтылудың үш жолын атады Британдық дәрігер әрі тележүргізуші Сара Джарвис тұмаудан тез айығудың үш тиімді жолын атады, деп хабарлайды Express. Бірінші тәсіл – тамаққа арналған спрей. Маманның сөзінше, ол микробтарға қарсы қорғаныс құралы бола алады. «Зерттеулер тамаққа арналған спрей тұмау симптомдарының ұзақтығын екі есе қысқарта алатынын көрсетті», - дейді дәрігер. Джарвис берген екінші кеңес – қызылкүрең қолдану. Дей тұрғанмен, маман кейбір зерттеулерде бұл дәріні қолдану тиімділігіне қатысты күмән туғанын атап өтті. Тұмаудан құтылудың үшінші тиімді жолы – С дәруменін қабылдау немесе осы дәруменге бай тағам түрлерін тұтыну. С витамині цитрустарда, бұрыш, брокколи және картоп құрамында бар.