Жаңалықтар

Қазақтың "Мұзбалақ" фильмі екі бірдей халықаралық байқауда топ жарды (видео)

ашық дереккөзі

Қазақтың "Мұзбалақ" фильмі екі бірдей халықаралық байқауда топ жарды (видео)

Қазақстандық «Мұзбалақ» картинасы екі бірдей кинофестивальде олжалы болды.Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.  «Қазақфильм» киностудиясы шығарған «Мұзбалақ» толықметражды анимациялық фильмі дүниежүзі көрермендерінің жүрегін жаулап жатыр. «Күні кеше «Мұзбалақ» бірден екі фестивальде – Стокгольмдағы кино және теледидар фестивалінде (Швеция) және «Алтын ара» балалар фильмдерінің халықаралық кинофестивалінде (Үндістан, Нью-Дели) «Үздік анимациялық фильм» аталымында топ жарды. Шығармашылық топты осы жетістігімен құттықтаймыз және көптеген жаңа жеңістер тілейміз» деп жазды «Қазақфильм» киностудиясы Facebook парақшасында. Айта кетейік, «Мұзбалақ» анимациялық фильмі 2018 жылы түсірілген. Режиссері - Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы. Сценарий авторлары - Ербол Бораншы, Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы, Адай Әбілда. Ерте заманда қара ниетті Шегірдің кесірінен жер астындағы әбжылан оянып, жер бетіне шығады. Әбжылан қазақ ауылын отқа орап, қарсы келгенді жалмап, ел ішіне үрей туғызады. Сол сәтте балапанына қауіп төнгенін сезген ана бүркіт әбжыланмен айқасып, оны жер астындағы мекеніне қуып тығады. Ал бүркіт отқа оранған ұядан балапанын алып, алысқа ұшып кетеді. Адам жұтып дәніккен әбжылан күн тұтылғанда алып айдаһарға айналып жер бетіне шығатынын білген ауыл адамдары айдаһарды тек қыран бүркіт қана жеңе алатынын түсініп, іздеуге аттанады. Мұзбалақты Ақтай мен Шегір іздеп табады. Бірақ тоғышар Шегір мен ақылды, ақ жүрек Ақтай арасында қыранды баптау туралы екі түрлі көзқарас туындайды. Мұзбалақтың жан дүниесін түсініп, тілін тапқан Ақтай Мұзбалаққа еркіндік сыйлап, онымен адал дос болуға серттеседі. https://www.youtube.com/watch?v=VmT4CW8V3EE&feature=emb_logo&ab_channel=Qazaqfilm%2F%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%84%D0%B8%D0%BB%D1%8C%D0%BC