15 жыл бұрын кісі өлтіріп, із суытқан ресейлік Теміртауда ұсталды
15 жыл бұрын кісі өлтіріп, із суытқан ресейлік Теміртауда ұсталды
Қарағандылық полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен он бес жыл бойы іздеуде жүрген Ресей азаматын ұстады.
23 қарашада Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасына Самара облысы бойынша Ресей ІІМ ММ-нен аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздестіріліп жатқан 43 жастағы Ресей азаматы Қарағанды облысының аумағында болуы мүмкін деген ақпарат келіп түсті.
Тергеу мәліметіне сенсек, 2005 жылы ол Ресей Федерациясының Самара облысындағы басқа серіктестерімен бірігіп Ресей азаматын ұрлап кеткен. Сосын оны балталап, өлтіріп тастаған. Кейіннен жәбірленушінің мәйітін өртеп, жақын маңдағы су қоймасына мұз астына жасырған. Аталмыш дерек бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«30 қарашада жедел іздестіру барысында Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері он бес жыл бойы Теміртауда бой тасалаған ресейлік азаматты анықтап, ұстады. Ол уақытша изоляторға қамалды» деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.