Өзбекстан азаматы шекарада есірткімен ұсталды

Өзбекстан азаматы шекарада есірткімен ұсталды

Өзбекстан азаматы шекарада есірткімен ұсталды
ашық дереккөзі
 width= Polisia.kz хабарлауынша, Түркістан облысында «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі алып алып бара жатқан Өзбекстан азаматы ұсталған.  Өткізу бекетінде шетелдіктерді тексеру барысында Нано атты қызметтік ит белгі берген. Жедел уәкілдер көрші елдің күдікті азаматын тінту кезінде оның күртешесінен есірткіге ұқсас зат түйілген түйіншекті тапқан. Ұсталған ер адамды аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, одан табылған затты тексергенде ол салмағы бір грамнан асатын кептірілген марихуана екені белгілі болды.  Қазір бұл іске байланысты бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабы бойынша (Айналымнан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.