Нұр-Сұлтанда бала күтуші отбасын тонап кеткен

Нұр-Сұлтанда бала күтуші отбасын тонап кеткен

Нұр-Сұлтанда бала күтуші отбасын тонап кеткен
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда бала күтуші жұмыс берушілердің қымбат смартфондарын ұрлап кетті, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полицейлер 25 жастағы күтушінің төрт ай бойы сол отбасында жұмыс істегенін анықтады. Жұмыстан шығар алдында ол iPhone және Samsung брендті екі смартфондарды ұрлап, кейін оны сатқан. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Оның айтуынша, ол балаға қараған пәтерде бірнеше смартфон болған, ал екі телефонның жоғалғанын үй иелері байқамайды деп үміттеніпті.