Қазақстанның коронавирусқа қарсы вакцинасы наурызда шығарыла бастайды

Қазақстанның коронавирусқа қарсы вакцинасы наурызда шығарыла бастайды

Қазақстанның коронавирусқа қарсы вакцинасы наурызда шығарыла бастайды
ашық дереккөзі
Коронавирусқа қарсы вакцина 2021 жылдың наурыз айында шығарыла бастайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.
"Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қордай ауданында вакцина шығаратын зауыт салынып жатыр. Онда ғылыми-зерттеу институты бар. Олар дерматит, бруцеллез, құс тұмауына қарсы вакциналар шығарады. Енді онда жаңа зауыт ашылады. Кем дегенде, ол коронавирусқа қарсы вакциналардың 30 миллионнан 60 миллионға дейін дозасын шығаруға қабілетті болады. Жоспар бойынша жыл соңына дейін зауыт іске қосылады. Наурыз айында вакцина шығарылады", — деді Бердібек Сапарбаев.
Ол сондай-ақ зауыттың құны шамамен 7 миллиард теңгені құрайтынын атап өтті. Өңір басшысының айтуынша, ҒЗИ қызметкерлері үшін бірнеше тұрғын үй салынады.