ШҚО-да карантин ұзартылды
ШҚО-да карантин ұзартылды
Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 17 желтоқсанға дейін ұзартылды.
ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы шықты. Онда өңір бойынша карантиндік шектеулер 17 желтоқсанға дейін созылғандығы жазылған.
«Облысаралық және халықаралық автобус қозғалысына тыйым салу сақталды. Әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтаған кезде халықтың көшелерде, саябақтарда, алаңдарда, жағалауларда және серуендеу аймақтарында жүріп-тұруларына рұқсат етілді. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарда, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мектеп-интернаттарда және медициналық ұйымдарда қызметкерлерді және пациенттерді күн сайынғы таңертеңгі тексеруден өткізу жалғасады», - делінген құжатта.
Ата-аналарға ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру арқылы теріс нәтижелерін алған күннен бастап, мерзімі 3 күннен аспаған құжатты ұсынған кезде балалар үйлеріне жетім балалармен кездесу үшін, оларды одан әрі асырап алу үшін, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін балалар үйлеріне баруларына рұқсат етілді.
«Фитнес-орталықтар, моншалар мен сауналар (толтырылуы 50%-дан аспауы тиіс), кітапханалар, мұражайлар жұмыс күндері қайта ашылады. Ғимараттардан тыс орналасқан мұз айдындарына киім ауыстыру және келушілерге арналған үй-жайларды жаба отырып жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Медицина орталықтары, стоматологиялар алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді», - делінген қаулыда.