Таулы Қарабақтағы соғыс: Әзербайжанда Жеңіс күні жарияланды

Таулы Қарабақтағы соғыс: Әзербайжанда Жеңіс күні жарияланды

Таулы Қарабақтағы соғыс: Әзербайжанда Жеңіс күні жарияланды
ашық дереккөзі
Әзербайжанда Таулы Қарабақтағы соғыстың аяқталуына байланысты Жеңіс күні жарияланды. Бұл мереке жыл сайын 10 қарашада атап өтілмек. Бұл туралы мемлекет басшысы Ильхам Алиев мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. «Мақсат – бұл теңдесі жоқ жеңісті мәңгілік есте қалдыру. Жеңіс күні – біздің халқымыздың қуаты мен ұлттық мақтанышымыздың мерекесі,  мемлекетіміздің беделі мен болашақ дамуы үшін мұның маңызы зор», —делінген Президент жарлығында. 27 қыркүйек те атаулы күн болып белгіленді. Таулы Қарабақта әскери қақтығыстар басталған бұл күн – Қаза тапқандарды еске алу күні болмақ. Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таулы Қарабақтағы әскери қақтығыстарды тоқтату туралы келісімді тарихи шешім деп атады. Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путиннің екі тарапты ымыраластыру бастамасына жоғары баға берді.