Биыл 120 мың жамбылдық көгілдір отынға қол жеткізеді

Биыл 120 мың жамбылдық көгілдір отынға қол жеткізеді

Биыл 120 мың жамбылдық көгілдір отынға қол жеткізеді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қарқынды дамуда. Мәселен, Жамбыл облысының тұрғындарын газдандыру және сумен жабдықтау деңгейі жыл қорытындысы бойынша 82 пайызға дейін артады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тілге тиек етті. – Шамамен 17,7 млрд. теңге 120 мың адам тұратын 51 ауылдың тұрғындарын сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешуге бағытталды. Жыл соңына дейін 39 ауылда жұмыстар аяқталады.Нәтижесінде ауыл тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 73,3 пайыздан 82,3 пайызға дейін артатын болады, - деді өңір басшысы. Сондай-ақ, биыл облыстың 45 ауылындағы 120 мың тұрғынға көгілдір отын жеткізіледі. Бұл мақсаттарға 14,1 миллиард теңге қарастырылған. Ауыл тұрғындарын газдандыру деңгейі 74,4 пайыздан 82,4 пайызға дейін артады деп күтілуде. Бұдан басқа, автожол саласын дамытуға 26,3 млрд.теңге бөлінген десек, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп. Аталған қаражатқа 1346,1 шақырым автожол салынып, жөнделген. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 85 пайыздан 90 пайызға дейін, елді мекендер көшелері - 59,5 пайыздан 77,2 пайызға дейін жетеді.