Жаңалықтар

"Ресейге 20 млн теңгеге ұшып барған": Сапарбаев чартерлік рейске қатысты сынға жауап берді

ашық дереккөзі

"Ресейге 20 млн теңгеге ұшып барған": Сапарбаев чартерлік рейске қатысты сынға жауап берді

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазан қаласына чартерлік рейспен барды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  "Бұқаралық ақпарат құралдарында Жамбыл облысының әкімдігі Тараз-Қазан рейсінің VIP ұшағына 20 миллион теңге бөлді деген ақпарат жарияланды. Бұл шындыққа жанаспайды. Әкім мемлекет қаражатына чартерлік рейспен ұшпайды. Қиын жағдай болып, дәрігер жетіспеген кезде Қазан қаласының дәрігерлерін шақырдық. Қаражат оларды елге алып келуге жұмсалды", - деді Сапарбаев баспасөз мәслихатында. Бұған дейін Telegram-каналдардың бірінде Қазан-Тараз-Қазан чартерлік рейсіне 20,7 миллион теңге жұмсалғаны туралы ақпарат жарияланды. "Чартермен кім ұшады? Татар халқымен достықты нығайту үшін әкім бара ма? Әлде науқас балаларды емдеуге жібере ме? Мүмкін тәжірибе жинақтау үшін қазақстандық дәрігерлер ұшатын шығар?", - деп жазды автор. Әкімдік Қазан-Тараз-Қазан рейсі татарстандық дәрігерлердің Қазақстанға келуіне арналғанын айтқан болатын. Олар COVID-19 және пневмонияны емдеуде тәжірибе бөлісіп, медициналық көмек көрсетуге жәрдемдесті.