28 жастағы келіншек 27 жыл бұрын көтерген сәбиін дүниеге әкелді

28 жастағы келіншек 27 жыл бұрын көтерген сәбиін дүниеге әкелді

28 жастағы келіншек 27 жыл бұрын көтерген сәбиін дүниеге әкелді
ашық дереккөзі
АҚШ-та 27 жыл бұрын құрсаққа біткен сәби дүниеге келді. Бұл туралы ABC телеарнасының эфирінен көрсетілетін Good Morning America бағдарламасында хабарланды. 1992 жылдан бері сақталып келе жатқан мұздатылған донорлық эмбрион ақпан айында 28 жастағы Тина Гибсон есімді әйелдің жатырына салынған. Жүктілік сәтті өтіп, қазан айының соңында қыз бала дүниеге келді. Ата-анасы оның есімін Молли Эверетт (Molly Everette) деп атаған. Мамандардың айтуынша, бұрын-соңды мұншалықты ұзақ сақталған ұрықтан бала туу дерегі тіркелмеген. Бұған дейінгі рекорд Тина Гибсонның тағы бір қызы – үш жастағы Эмме Вренге тиесілі еді. Ол мұздатылған күйде 24 жыл бойы сақталған ұрықтан дүниеге келген.