COVID-19: ШҚО әкімі жақсы жаңалықпен сүйіншіледі

COVID-19: ШҚО әкімі жақсы жаңалықпен сүйіншіледі

COVID-19: ШҚО әкімі жақсы жаңалықпен сүйіншіледі
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан шықты. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.  "Ортақ күш-жігеріміздің және ШҚО тұрғындарының жоғарғы жауапкершілігінің арқасында, біз коронавирус инфекциясының таралуын төмендете алдық. Бүгінде аймақта коронавирустың көбею коэффиценті бәсеңдеді", - деп жазды ол. Ресми мәліметтерге сәйкес, төсек-орын қоры  31,1-ден 14,5-ке дейін төмендеді. Вирусты жұқтырғандар саны 7 қарашадағы 353-тен 73-ке дейін төмендеді. "Ең бастысы, біздің облыста медициналық эпидемиологиялық бригадалардың жұмысын үйлестіретін Локализация орталығы арқылы инфекция тізбегін қадағалау және жолын кесу жүйесі құрылды. Сонымен, 1 қарашадан бастап 584 медициналық эпидемиологиялық бригада 3,5 мың инфекция ошағында 21 618 байланысқан адамдармен профилактикалық жұмыстар жүргізді", - деп жазды әкім Даниал Ахметов. Жағдайдың өзгеруіне, оның пікірінше, қосымша алты ПТР зертханасының ашылуы әсер етті және бақылау топтары да тиімді жұмыс көрсетті. Бұған дейін, 17 қарашада, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне он күн ішінде "қызыл" аймақтан шығу үшін эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдау тапсырылған болатын. Біраз уақыттан кейін ШҚО әкімі тапсырманы толығымен орындаған. ШҚО 3 қарашадан бастап "Қызыл" аймаққа кірген болатын.