Құрылыс нысанының жоғары қабатында ойнап жүрген балаларды полиция тапты

Құрылыс нысанының жоғары қабатында ойнап жүрген балаларды полиция тапты

Құрылыс нысанының жоғары қабатында ойнап жүрген балаларды полиция тапты
ашық дереккөзі
Ақтауда құрылысы жүріп жатқан нысанның жоғары қабатында ойнап жүрген балалардың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Оқиға 1 желтоқсан күні 15-шағынаудандағы ғимараттардың бірінде болған. Видеоны түсірген тұрғын теңіз жағалауындағы шағынаудандардың бірінде құрылысы аяқталмаған ғимараттың соңғы қабатында кәмелетке толмаған балалардың хоккей ойнап жүргенін айтады. Бұл жайт тұрғындарды шошытқан. Өйткені жеткіншектер шығып алған ғимараттың жоғары қабаты қоршалмаған. Ал, Маңғыстау облысында бірнеше күннен бері қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болды. Полицейлер кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтады. «9 және 14 жастағы екі бала полицияға жеткізілді. Олардың ата-аналары шақырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құрметті ата-аналар, балалар мұндай жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін түсіне бермейді. Ата-аналардың, білім беру мекемелерінің, құқық қорғау органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана балалардың өзін-өзі сақтау инстинктін дамытып, қоғамда дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға болатынына сенімдіміз», – делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.