Жаңалықтар

«Біз ашыдық». "Магнум" сауда желісі жарнамасындағы қате жұрттың наразылығын тудырды

ашық дереккөзі

«Біз ашыдық». "Магнум" сауда желісі жарнамасындағы қате жұрттың наразылығын тудырды

"Магнум" сауда желісінің Нұр-Сұлтан қаласындағы дүкендерінің бірінде мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) қате жазылған маңдайша елдің орынды наразылығын тудырды. «Біз ашыдық». Дәл осылай қате жазылған  жарнамалық тақташаны қазір ауыстырып жатыр екен. Бұл мәселе Фейсбук әлеуметтік желісіндегі "Астана – Не? Қайда? Қашан?" атты танымал топта қызу талқыға салынып, желі қолданушыларының ренішін тудырған соң, "Магнум" сауда желісі атынан жауап берілген.