Қазақстан конькишілер федерациясы сайтындағы мәліметке сәйкес, ел біріншілгі Алматыда қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында 14-19 желтоқсан күндері өтеді.
Жарысқа 14 жастан жоғары ересектер мен жас мөлшері 10-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, жастар қатысады.
Эпидемиологиялық ахуалға байланысты ҚР чемпионаты көрермендерсіз өтеді. Сондай-ақ залдарға спортшыларға ілесіп келген жақын адамдар жіберілмейді. Әрбір спортшыда коронавирусқа ПТР-тесті туралы анықтама (мерзімі 72 сағаттан аспаған) болуы тиіс.
Жарыс бағдарламасы:
14-15 желтоқсан – жаттығу
16 желтоқсан – жаттығу, жеребе
17 желтосан – жаттығу, жарыс
18 желтоқсан – жаттығу, жарыс, марапаттау.