Қытайдың ғарыш кемесі айға сәтті қонды

Қытайдың ғарыш кемесі айға сәтті қонды

Қытайдың ғарыш кемесі айға сәтті қонды
ашық дереккөзі
Қытайдың «Чанъэ-5» зонды сейсенбі күні Айдың бетіне сәтті қонды, – деп жазды ҚазАқпарат. Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасының мәліметінде: «Аппарат сәтті қонғаннан кейін, Айдың бетінде жүргізілетін жұмысына кірісті. Ол екі тәулікке созылады», – делінген. Еске сала кетсек, миссия барысында зонд Ай топырағының үлгілерін жинап, Жерге жеткізуі тиіс. «Чанъэ-5» Жерге 2 келі топырақ үлгісін әкеледі деп жоспарланып отыр. Жалпы зондтың ұшу уақыты 20 күннен асады. Салмағы 8,2 тонна «Чанъэ-5» зонды орбиталық, қонушы, қайтушы және ұшу модульдерінен тұрады. Айды зерттеуге арналған Қытай бағдарламасы 2004 жылы іске қосылды. Ол үш кезеңнен тұрады: Айды айналып ұшу, оның бетіне қону және Жерге айдағы топырақ үлгісін жеткізу. Еске сала кетсек, «Чанчжэн-5» зымыраны 24 қарашада Оңтүстік Қытайдағы Хайнань аралы провинциясындағы Вэнчань әуе айлағынан «Чанъэ-5» зондын алып ұшқан еді.