12 миллион теңге тұратын медицина құрылғыларын елден заңсыз алып кетпек болған

12 миллион теңге тұратын медицина құрылғыларын елден заңсыз алып кетпек болған

12 миллион теңге тұратын медицина құрылғыларын елден заңсыз алып кетпек болған
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысында құны 12 миллион теңгені құрайтын 800 дана пульсоксиметр құрылғысын елден заңсыз түрде әкетпек болған ер адам ұсталды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлайды. Батыс Қазақстан облысы «Сырым» бақылау бекетінде ер адам медицина құрылғыларын шекара асырмақ болған жерінен ұсталды. Белгілі болғандай, күдікті – Қазақстан азаматы. Тәркіленген жүк пен көлік өкілетті органдарға тапсырылды.