Жаңалықтар

Жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсалмақ

ашық дереккөзі

Жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсалмақ

Өскемен қаласының әкімдігі жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсамақ. Бұл туралы Өскемен қаласы әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланады.  Әкімдіктің мәлімдеуінше, 2019 жылы жаңажылдық безендіру жұмыстарына бюджеттен 35 миллион теңге бөлінген болса, биыл бұл сома 40 миллион теңгені құрамақ. Хабарламаға сәйкес, 40 миллион теңгенің көп бөлігі безендіруге арналған заттарды монтаждау мен қолдануға, соның ішінде автомұнараларды пайдалануға жұмсалады. «Гирляндалар мен басқа да безендіруге арналған заттар өзімізде бар материалдармен қамтылады. Мысалы, Республика алаңындағы жасанды шырша мен үш интерактивті шыршалар осымен үшінші рет қолданылмақ. Бірақ биыл жаңа гирляндаларды сатып алуға біраз шығын шығады» - делінген хабарламада.