Әйгілі Discover Earth парақшасында Бозжыра шатқалының суреті жарияланды

Әйгілі Discover Earth парақшасында Бозжыра шатқалының суреті жарияланды

Әйгілі Discover Earth парақшасында Бозжыра шатқалының суреті жарияланды
ашық дереккөзі
Дүниежүзі бойынша табиғаты көз тартар жерлер жарияланатын Discover Earth-тың Instagram желісіндегі парақшасында Маңғыстау облысында орналасқан Бозжыра шатқалының суреті жүктелген. 4 миллионға жуық жазылушы тіркелген парақшада финдік фотограф Юусо Хямяляйнен (Juuso Hämäläinen) түсірген Бозжыраның суреті жарияланған. Сонымен қатар аталған сурет Discover Earth-тың Facebook желісіндегі парақшасына да жүктелген.
Сурет астында Маңғыстау аумағында әртүрлі ландшафты, соның ішінде Каспий маңы ойпаты, Үстірт шоқысы, Маңғышлақ, Кендірлі-Қаясан, Ақтау және Қаратау таулары секілді көрікті жерлер бар екені жазылған.