Кондолиза Райс Елбасын Джордж Вашингтонмен салыстырды

Кондолиза Райс Елбасын Джордж Вашингтонмен салыстырды

Кондолиза Райс Елбасын Джордж Вашингтонмен салыстырды
ашық дереккөзі
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік мемлекеттер басшыларынан, экс-президенттерден, бұрынғы үкімет басшылары мен саяси қайраткерлерден, алыс-жақын шет елдердің бизнес өкілдерінен құттықтау хаттар келіп түсуде. Аталған жеделхаттар Елбасының ресми сайтында жарияланған. Соның ішінде Америка Құрама Штаттарының 66-шы Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс өз құттықтауында Елбасын Джордж Вашингтонға теңеді.
– Біздің Тұңғыш Президентіміз Джордж Вашингтон америкалық құндылықтарды болашақта атқаратын істеріміздің негізіне айналдыра білді. Сіз Қазақстан үшін де дәл осындай игі жұмыс атқардыңыз. Сіздің ядролық қарудан бас тарту және ғажап елорданы салудан бастап, бейбіт транзитті жүзеге асыру сияқты шешімдеріңіз сөзіме дәлел, – делінген жеделхатта.