Қазақ-қырғыз шекарасы 1 наурызға дейін жабылды

Қазақ-қырғыз шекарасы 1 наурызға дейін жабылды

Қазақ-қырғыз шекарасы 1 наурызға дейін жабылды
ашық дереккөзі
Қырғызстанның мемлекеттік шекаралық қызметі қазақ-қырғыз шекарасындағы кеден бекеті жабылатынын хабарлады.
2021 жылдың 1 наурызына дейін қырғыз-қазақ шекарасындағы «Қарқара автожолы» – «Кеген автожолы» бақылау-өткізу бекеті уақытша жабылады. Жеке тұлғалардың шекарадан ары-бері өтуіне, көлік қозғалысына тыйым салынады. Ауа райының қолайсыздығы мен төтенше жағдайлардың алдын алу үшін осындай шешім қабылданған.