Куәліксіз көлік жүргізгені үшін 139 мың теңге айыппұл төлейді

Куәліксіз көлік жүргізгені үшін 139 мың теңге айыппұл төлейді

Куәліксіз көлік жүргізгені үшін 139 мың теңге айыппұл төлейді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда таксопарк жүргізушісі машинаны көлік жүргізу куәлігінсіз айдаған, – деп хабарлады Polisia.kz. 27 қарашада астаналық такси жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 612-бабы 3-бөлігі – «Көлiк құралын басқару құқығынан айырылған жүргiзушiнiң көлiк айдауы» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ол 2018 жылы мас күйінде көлік айдағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. «Тoyota Corolla» маркалы автокөлік тұраққа қойылды. Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен жүргізушіге 138 900 теңге (50 АЕК) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен бірге, таксопарк басшысы ҚР ӘҚБК 617-бабы 1-бөлігі «Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты тұлғалардың, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарын орындамауы» бойынша жауапқа тартылды. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында көлік құралын пайдалану мен олардың техникалық жай-күйіне жауапты 62 адамға ҚР ӘҚБК 617-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған.