Жаңалықтар

«Баласына елдің мүшкіл халін айтсын!» Зеленскийдің ата-анасымен бірге түскен фото қызу талқыға түсті

ашық дереккөзі

«Баласына елдің мүшкіл халін айтсын!» Зеленскийдің ата-анасымен бірге түскен фото қызу талқыға түсті

Бірнеше күн бұрын Украина президенті Владимир Зеленскийдің Facebook-тегі парақшасында жарияланған ата-анасымен бірге түскен фото әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.   Фото 26 қарашада В.Зеленскийдің Днепропетровск облысына жасаған сапары кезінде түсірілген. Кривой Рог қаласында тұратын ата-анасына қонаққа барған Украина президенті қарапайым ғана пәтерде, асүйде әкесі Александр мен анасы Риммамен бірге дастархан басында отыр. Жұрт президенттің ата-анасы өте қарапайым, үй киімімен отырғанына таңырқап, сүйсінгендерін жазуда. Әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі Украина басшысының ата-анасына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеген. Сонымен қатар, сын айтқандар да баршылық. Мәселен: «Елдің жағдайын президентке ата-анасы айтсын. Әйтпесе, оның айналасындағылар мемлекет басшысына ештеңе жеткізбейтін көрінеді». «Басқалардың да ата-анасының жағдайын ойласа не етті, зейнетақы 1712 гр.  деген қазіргі уақытта өте күлкілі ғой». «Президенттің ата-анасы біздің ата-анамыз секілді қарапайым өмір сүреді, пафоссыз, өздері дайындаған асты тұтынады дегенге сеніңкіремей отырмын» деген секілді пікірлер де көптеп жазылуда. Жалпы, өркениетті қоғамда қарапайымдылық деген әлдеқашан қалыпты жағдайға айналғалы қашан. Ал кешегі посткеңестік елдердің көпшілігінде әлі күнге дейін шенді-шекпенділердің, танымал адамдардың өзін қарапайым ұстауы жасандылық секілді сезіліп, таңсық көрінетіні рас.